Көктемнің шуақты күнімен ере келетін «Ұзын сарыны» көпшілік біле бермесі анық.Бұл ежелден келе жатқан көне дәстүріміздің бірі.Әжелеріміз көкөзек шақта кебежеңдегі қысқы соғымнан қалған сүрлеріңді қазанға салады. Ауылдағы үлкен-кішіні жиынап, бұйырған асты бірге жейді.Бұнысы алты ай қыстан кейін келетін көктемді тойымды жыл болсын деген ырыммен осылай қарсы алған.Биылғы мереке Рамазан айына тура келіп отыр.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Рәзия әжей жалпы жыл басы наурызды асыға күтуші едік дейді.Ауыл балалары жиналып асық ойнап, алтыбақан тебетін.Үлкендер ұлттық ойын көкпар тартатын. Кешке жастар сауық-сайран құрып Ақсүйек ойнайтын.Жастар бір-біріне селт еткізер сыйлап,ауыл балалары таңды селт еткізермен қарсы алатын.Ең негізгісі көктемгі көкөзек шақта әжелеріміз ет асып,қарынды бір тойдыратынбыз.Жалпы төрт түліктің 12 мүшесі ерекше атауға ие.Олар әр келген қонақтың дәрежесіне қарай кәдесі тартылатын,дейді кейуана.

РӘЗИЯ ІЗБАСАРОВА, 83 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ

- Малда 12 мүше болады ғой.Әр жіліктің өзінің келген кісіге қоятын өзінің дәстүрі болады.Құдаға жамбас қасына сүбе, бел омыртқа қанатты омыртқа дейді соны қояды.Мойын омыртқаны келіндерге беретін баланың мойны тез қатысын деп. Жілікті сүбесімен құдағиға қояды. Құйымшақты қызға қояды.күйеубалаға төсті қояды.екеуін қосып салып күйеу бала мен қыздың алдына тартады.Ол ата бабамыздың бұрынан сақтап келе жатқан жәстүрі.біз соны естіп көріп өстік.

Атам қазақ қыстан кейін мамыражай көктемнің келуін үлкен мерекеге балаған.Қырдағы жұрт етектегі ағайынның халін сұрап, наурызға аман жеттің ба деп көрісетін.

Төрт түліктің аузы көкке ілінген шақты нағыз жыл басы деп санаған. Әжелеріміз де келіндер мен жас қыздарға салт-дәстүр әдет ғұрыпты санасына құйып отырған.

Келі түйіп, 7 түрлі ас қосып наурыз көже әзірлейді. Тарыдан майсөк жасайды.Құрт майы мен бауырсағы тағы бар.Үлкендердің тісіне жұмсақ келетін «Бел көтерер» жұқпа нан асы жасалған. Осылайша қазақа ғана тән әдет-ғұрпымыз ұрпақтар сабақтастығы ретінде  ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді.

 РОЗАЗКҮЛ ОРАЗОВА, КЕЛІНІ

- Қыс бітіп, көктем келіп ұзын сары уақыт та жетіп қалды.Барлық қөыстан қалған азықтарымызды сүрленген еттерімізді бүгін үлкендерге қарияларға асып беріп жатырмыз. Биылғы жылы осы көктем мерекесі наурыз айы рамазан айымен тура келіп тұр.Бүгін біз ауызашар бергелі жатырмыз.ауызашарға масөк дайындап жатырмыз.Өзіміздің бар білгенімізді кейінгі балаларымызға кішкентайларға үйретудеміз.Біз бұның дәмін көре алмаймыз.қазір кішкентайларға дәмін көрсетеміз.

Ел ішінде ұзын сары туарлы аңыз бар. Көнекөз қария бәйбішесіне қарап «Етіңді үнемдеп жүр.Көктемде ұзын сары келгенде асасың» деп құлаққағыс қылады. Мұны естіген келін ата-енесі жоқта үйге келген Ұзын бойлы сары қонаққа бар етті асып береді. Көкөзек шақта сүрленген етті іздеген енесіне келіні «Ойбуй! «Бар жақсыңды «ұзынсарыға» сақта деген соң, өткенде келген «ұзынсары» кісіге астым ғой соғымның бар сұрпын» деп қарап тұр деп күлдіргені тағы бар. Қалай десек те көкөзекті тойдырып, ұлттық санана мен дәстүрді жаңғыртып, жадымызда сақтап  жүрейік ағайын.