«Шоқ тілді ақын Шона.  Дәл осындай атаумен Пушкин атындағы әмбебап кітапхансында ақын сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Шарада   қаламгердің астарлы әзілдері сахналанып, әндері оқылды.

 Шона Смаханұлы туралы айтқанда, есімізге қызыл сөздің шебері, киелі ана тіліміздің жанашыры, сатираның сарбазы, Таластың тау тұлғасы есімізге түсері анық. Ол тарлан мінезінің арқасында   80-жылдардың басында Алматыда қазақ мектептері жоққа тән екендігін байқап, дабыл қағып, тікелей осы істі қолға алған тау тұлғалы азамат. Сынағанын сынадай қағатын Шона Смаханұлы сықақшы ғана емес, 120 әнге төгілтіп өлең жазған өрісі кең, өрелі ақын.

Киелі Талас топырағында дүниеге келіп, артынан өшпес мол мұра қалдырған ақынның шығармашылығын  жасөспірімдер әлі күнге дейін жастана оқып келеді.

Рухани кешке сатира театрының әзілкештері де қатысты.

Мәдени кеш соңында жазушының өткен өмірі бейнеленген кинофильм көрсетілді. Айта кетейік Шона Смаханұлы  60-қа жуық кітаптың авторы, қазақ сатирасында өзіндік  қолтаңбасын қалдырған ана тілінің арашашысы.