Шымкент қаласындағы құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік маңызға ие нысандар қала басшсының тікелей бақылауында. Әкім Ғабит Сыздықбеков жаңа әуежай терминалы мен темір жол вокзалы ғимаратында атқарылып жатқан құрылыс жұмысымен танысты. Атқарылып жатқан жұмысты уақытылы әрі сапалы жүргізуге тапсырма берді.

Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданында магистральды жылу желісінің жағдайымен танысып, Әл-Фараби ауданында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмысын тексерді. Алдағы жылу беру маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жауапты тұлғаларға жұмыстың сапасы мен мерзімін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.  Бұдан бөлек, кондитерлік өнім “Sweet ideas KZ” серіктестігі мен минералды су және алкогольсіз сусындарын шығаратын «Визит» кәсіпорындарда болды. Мұнда қала басшысы компания басшылығымен бірге өнім көлемі мен алдағы жоспарын талқылады. Сондай-ақ «Нұрсәт» шағынауданындағы аула мен көшелердің санитарлық жағдайы әкім назарынан тыс қалмады.  Жарықтандыру және абаттандыру мәселелері жөнінде аудан әкімі мен бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.