Білім көкжиегінде көш бастап отырған Зерделі Халықаралық мектебі тағы бір бастамамен көзге түсті. Оқу орны оқушылардан директорлық тест алып, білім деңгейін бағамдауға мүмкіндік берді. Бұл сынақ балалардың оқу жылында білген-түйгенін пысықтап, келер оқу жылына дайындығын көрсетеді.


 «Zerdeli international school» мектебі оқушы мен ұстаз арасындағы байланысты бекіткен оқу орны. Кезекті тестілеу соның дәделі. Білім ұясы оқушылардың жыл бойына алған білімінің нәтижесін осы сынақ арқылы бағамдамақ ниетте. Тиісінше жоғары көрсеткішке қол жеткізген балалар ынталандырылады.

 Оқу орнының негізгі мақсаты – оқушыларды зияткерлік мектептерге даярлау. Осы бағыттағы жұмыс та жүйелі атқарылып келеді. Өткен жылы 16 оқушы Нарарбаев зияткерлік мектебі мен Білім Инновациялық лицейінің тестілеуінен сүрінбей өткен. Қазір білім алып жүрген балалар да осы бағыттағы білімді жетілдіре түскен.

Айтып өтейік, бұл күні «Zerdeli international school» мектебін таңдап келіп отырған балалар да сынақтан өтті. Білім ұясы тағайындаған 3 грант пен жеңілдікке үміттілер ағылшын, қазақ тілі мен логикадан тест тапсырды.

 Мектепте қазір 400-ге тарта бала білім алуда. Олардың 10-ға тартасы гранттық негізде оқыған. Білім деңгейіне қарай оқушылар түрлі жеңілдіктерге ие болған. Меткепте қолға алынған ZetPoint жүйесі де оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыра түскен.