SANTO өнімдері енді Орталық Азияға ғана емес, АҚШ және Таяу Шығысты қоса алғанда БАӘ мен Еуропаның бірқатар елдеріне экспортталады. Алпауыт компания Еуропалық GMP стандарты бойынша сертификатталып, Халықаралық нарықтың кең ауқымына шығуға мүмкіндік алды. Бұл жаhандық фармацевтикалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, импортқа тәуелділікті азайту мен дәрі-дәрмек қауіпсіздігін күшейтуге жол ашады.


Фармацевтикалық зауыт ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстан нарығындағы дәрі-дәрмектің әрбір бесінші пакеті Santo Polpharma Group-тың өнімі. Қазір компания медицинаға қажетті сан алуан ауруды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа 280 препарат шығарады. Ал, Еуропалық GMP стандарты өз кезегінде экпорт көлемін арттырып, Қазақстандықтарға дәр-дәрмекті әлдеқайда қолжетімді, әрі тиімді етеді,-дейді компания басшылары.


 РУСТАМ БАЙГАРИН, «SANTO» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ 

Если мы хотим показать Еурпопейскую качество.... Еуропалық стандартқа сай сапалы нәтиже көрсетуіміз үшін - міндетті түрде нарыққа кіріп, еуропалық технологиялар мен заманауи өнімдерді сынақтан өткізіп, инновациялық жобаларды қолға алуымыз қажет. Еуропалық GMP стандартына сәйкес болу үшін жаңа зертханалық орталықтар аштық. Ол компания үшін сәтті, әрі өндірісті көбейту мен түрдлендіруге мүмкіндік беріп жатыр. Бұл сапалы дәрі шығару жолындағы тың бастамамыз.


Мұнда былтыр қазан айының соңында құны 20 миллион еуро тұратын зертханалар мен сапа және инновация орталықтары ашылған. Табысты қызмет етіп тұрған орталықта қатты дәрілік препараттар өндіріледі. Қазір сапаны бақылау мен микробиологиялық зертханалары қоса жұмыс істеп тұр. Бұл жаңа өнімдерді әзірлеу мен сынақтан өткізуге мүмкіндік ашады.


ВОЙТЕК ЗБАНЫШЕК, SANTO КОМПАНИЯСЫНЫҢ САПА ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ

 Это есть одно из самых крупных и современных лабороторий сейчас в Казахстане... Біздің Лаборотория – қазір Қазақстандағы ең ірі, әрі заманауи үлгіде жабдықталған, Еуропалық стандартқа сай технологияларымен қамтамасыз етілген. Сондықтан, экспорт көлемі аз ғана мемлекетпен шектеліп қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халықаралық тәжірибені алып, жаңа өнімдерді де шығаруға басымдық беруіміз керек.


Компания қазір антидиабеттік препараттарды шығаруға басымдық беруді көздеп отыр. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға да аса мән беріп, іс-тәжірибеден өткізіп тұрады. Санто компаниясында қазір 1400 –ге жуық қызметкер болса, оның 900 –і Шымкент қаласындағы зауытта қызмет етеді.