«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына 800-ге жуық адам қатысып, 100 тоннадан астам қоқыс жинады.
Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктелді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары жиналды.
Тазалық жұмыстары қала аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 учаскеде жүргізілді. Аталған аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарымен қатар абаттандыру және көгалдандыру шаралары да атқарылды.
Жалпықалалық сенбілікке 800-ге жуық адам, 15 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 100 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Тазалық шарасы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.