Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жаттығулары өтті. Он күндік аясында әскерилердің жауынгерлік әзірлігі тексеріліп, практикалық дағдылары жетілдірілді.
Әскери міндеттілер оқ атуға дайындық жаттығуларын, соның ішінде штаттық қарудан оқу және бақылау атыстарын сәтті орындады. Ал, үйлестіру кезеңінде жеке құрам стратегиялық мақсаттағы объектілерді күзету және қорғау жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Сондай-ақ қалалық ортаға жақын жағдайларда шартты жаудың шабуылын тойтарыс берді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, дайындық деңгейін оң бағалады. Мұндай жиындар жауынгерлік дағдыларды тексеру ғана емес, әрбір сарбаздың басты борышы — Отанды қорғау екенін еске салу дейді ұйымдастырушылар.