Футболдан ел чемпионатының 5 тур ойындары өтті. Шымкентттік Ордабасы өз алаңында Түркістанның Тұран командасын қабылдап 1-0 есебімен жеңіске жетті.


Мегаполистегі «Намыс» стадионында өткен кездесу жоғары қарқынмен басталды. Екі команда да кәсіби шеберлік танытып, лайықты бәсеке көрсетті. Жиі шабуылдап, қарсылас қақпасына бірнеше соққы бағыттаған «Тұран» ақыры 11 метрлік айып добына қол жеткізді. Бірақ, белгіленген пенальтиді Шымкенттік қақпашы Бекхан Шайзада қайтарып, қауіптің бетін сейілтті. Қателіктен қорытынды шығарған «Ордабасы» ойынның 44 минутында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Шымкенттік ұжымға ұпай сыйлаған маңызды голды бразиялық Эвертон Мораес соқты. Одан кейін қос команда бір-біріне қанша шабуылдағанымен таблодағы есеп өгеріссіз қалды.