Биыл жас ғалымдардың ғылыми жобаларына бөлінетін грант қаржысы екі есеге көбейген. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде 70 идеяның жарыққа шығуына мүмкіндік беріп отыр. Оның ішінде Шымкенттегі жоғары оқу орнының бірі ұсынған бірнеше жұмыстар бар. Ауылшаруашылық және металлургия саласын жетілдіруге бағытталған жобаларға басымдық беріліп отыр.


ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова шымкенттік жас ғалымдармен кездесті. Олардың ұсынған ғылыми жобаларын арнайы ұйымдастырған көрмеден көріп, танысты.


Көрмеге ғалымдардың 20-ға жуық жобасы қойылды. Мұнда түрлі тыңайтқыштар, иммунды прибиотиктер, тау кен өндірісіне, металлургия саласына қажетті және мұнай өнімдеріне арналған сорбент пен су қоймасын тазартатын қоспалар бар.


 РЕНАТ ЕЛШІБЕКОВ, ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ШАҒЫН ГРАНТТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі туақытта біздің осы Оңтүстік Қазақстан университетінде әр түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар 40-тан астам жоба бар. Жаңа көргендей оның комерционный жобалар бар. Болашақта экономикаға әсер беретін болады. Осы жобалардың жаңа кремниді айтып өтті, фарфоровый ондіріс дейді. Солар болашақта егерде өндіріс ошағын ашқан жағдайда, ұтқан жағдайда болашақта өндіріс ашатын болады. Сол себептен ол жобалардың болашағы осы конкурстың нәтижесінде белгілі болады.


 Іргелі оқу ордасы былтыр 1 миллиард 365 миллион теңге 4 жобаны жүзеге асырған. Биыл тағы екеуі қолға алынғалы тұр. Ол үшін 650 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек қажет.


ҰЛАН СҮЛЕЙМЕНОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

Биыл біз үлкен 2 жоба бердік. Нысаналы қаржыландыру бойынша. Біреуі академиялық орталық құру бойынша. Содан кейін бір мега жоба ол біздің бағдарлаиа 2329 жылға бағдарлама бар. Оның ішінщде 5 жаңа лобоатория құру көзделген. Соның бір лобораториясы мега жоба арқылы орындаймыз деп. Биотехнологиядан жаңа лоборатория деңгейінде ДНК жасайтын жобаны жоспарлап тырмыз.


Былтыр ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 70 жобаны қаржыландырған. Ал биыл тыңнан түрен салатын идеяларды қолдауға 500-ден астам грант бөлінбек.