Ленгір қаласының көшелерінің бірінде қараусыз жүрген бала табылды. Жалаңаяқ жүрген бүлдіршінді жергілікті тұрғын байқап, полицияға хабарласқан.
Тез арада іске кіріскен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары нәтижесінде баласын өз бетімен іздеп жүрген анасын анықтап, бөлімшеге жеткізген. Белгілі болғанындай, таңғы сағат 06:00 шамасында анасы әдеттегідей жұмысқа кеткен. Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған қақпадан көшеге шығып, шамамен 3 шақырым қашықтыққа дейін ұзаған. Перзентімен қауышқан ана оның амандығы жолында қолынан келгенін жасаған барлық азаматтарға алғысын білдірді. Өз кезегінде полиция басшысы Ғалымжан Қуашбаев жалғыз жүрген баланың жанынан өтіп кетпей, азаматтық оң ұстанымы үшін Нұрбек Арапбаевқа алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.