Инклюзивті білім беру жүйесіне жаңа серпін қажет. Ө.Жәнібеков университеті қабырғасында «Инклюзивті білім берудегі инновациялық технологиялар: әлемдік және отандық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған еліміздегі жетекші ЖОО мамандары мен Түрік елінің ғалымдары келіп, іс-тәжірибемен бөлісті.
Инклюзивті білім беру – ерекше қажеттілігі бар баланың жеке сұранысы мен ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге емін-еркін оқуына жағдай жасап, ортаға қосу. Қазірдің өзінде елімізде дамуында тежелісі бар бүлдіршіндерге арналған 99 арнайы мектеп бар. Оның ішінде 53-і зиятында бұзылысы барларды оқытуға бағытталған.
АИДА НҰРБЕКОВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
---- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне қосу мен қоғамға бейімдеуде ең бірінші қоғам дайын болуы керек.Әрбір баланеы оқыту мен тәрбиелеу барысында қоғамға бейімдеу барысында міндетті түрде оқыту жұмыстарын тәрбиелеу жұмыстарын ескеретін жайттар болады. Сондықтан, әрбір педлагогтың білуі тиіс мәселе. Студенттерімізді шетелдік тәжірибені үйрету мақсатында бүгінгі конференцияны ұйымдастырып отырмыз.
Әсем Лесбек ерекше қажеттілігі бар кішкентай жандарға білім беруді бала кезінен армандаған. Қазір өзі таңдаған мамандықтың ІІІ курс студенті. Оның ойынша, қалыпты сәби мен ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің білім алуымен қатар дамуы да тең құқылы болуы тиіс. Бүгінгі конференциядан түйгені де мол екен. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі жаңаша әдістермен танысып, тәжірибе алмасты.
ӘСЕМ ЛЕСБЕК, СТУДЕНТ
Біздегі және ол жақтың да проблемасы бір екенін ұғындық. Өйткені, ол жерде педагогтардың жетіспеуі, балаларға арналған реформаны құру барысында бірнеше қиындықтардың кездесуі мен инклюзивті білім берудегі жаңашыл технологиялардың қазіргі таңдағы жетіспеушілігі салдарынан бірнеше проблемалларды айта өтті.
ҚР Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми практикалық орталығы шығарған статистикаға сүйенсек, жеңіл және орташа деңгейде бұзылысы бар балалардың саны 6 жастан 18 жасқа дейінгілер 24 227-іге жетіп отыр. Оның ішінде 9 568-і зиятында бұзылысы бар балаларға арналған арнайы мектептерде оқиды.