Шымкенттен соғысқа аттанып белгісіз кеткен 26 майдангер табылды. Бір қызығы олар әскери комиссарияттарда тіркелмеген. Марқұмдардың аты-жөндері мен медалиондары майдан даласынан табылған. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жауынгерлердің есімдері «Даңқ» мемориалындағы мәрмар тасқа қашалып жазылатын болады.
Жерлестеріміздің есімдері майдан даласынан іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылған. Құжаттар мен медалиондарда жауынгерлердің есімдері сақталып қалған екен. Жалпы Шымкенттен бұған дейін 140 мың азамат майданға аттанған болса қазір соның екеуінің ғана көзі тірі. Тың деректер ел үшін қолына қару алған азаматтар саны бұдан да көп екенін көрсетіп отыр, дейді ардагерлер.
СЕРІКБАЙ ОҢБАЕВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Биылдың өзінде 26 азамат әскери комиссариятта олар тізімде жоқ майданға кетті деген. Бірақ майдан даласында қайтыс болып, сол жақтан табылған медалиондары бар фамилиялары бар, аты-жөндері бар сол арқылы шығардық. Оларды да құдай қаласа мына алдағы келе жатқан 80 жылдыққа «Даңқ» мемориалында арнайы тасқа фамилияларын қашап жазатын боламыз.