Иман тазалықтан басталады. Имамдар жанына жастарды ертіп, өздері үлгі боларлық игі іске кірісті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында мегаполистегі мазараттарды тазалап, күл-қоқыстан аршыды.
Мазарат – рухтар мекені. Мұндағы тазалық жұмыстары өткенге деген құрмет белгісі. Осылай деген қаланың бас имамы Бақдәулет Абдрахманов әріптестерін ортақ мақсатқа жұмылдырды. Дін өкілдері жыл сайын сәуір айында «Өткенге құрмет, елге құрмет» жобасын жүзеге асырады.
БАҚДӘУЛЕТ АБДРАХМАНОВ, БАС ИМАМ
Мемілекет басшысы таза Қазақстан деген акцияны ұйымдыстып жатқан сол акцияғада бір ұндеу қосылу болсын деген ниет мақсатпен бүгін қала бойыншы 86 мазарата осындай іс-шара ұйымдастырылып жатыр пайғамбарымыз айтуыншы қабірлерді басынды құран оқып тазалап жақсылықтарды жасау адам баласының күнасының кешірілуіне себеп болат деген екен
Акция аясында мазаратқа толықтай тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара мегаполистегі 80 мұсылман зираттарында бір күнде жалғасты.
ЕРБОСЫН ОРЫН, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
Қазақстан мұсылмандар діней басқармасы мен үлкенге құрмет елге міндет аты республикалық іс-шара өтіліп жатыр бұл шара аясында бүкіл мазараттарға тазалық жұмыстары жүрет шымкент қаласынның өзіде 80 мазарат бар оның ішінде ашығы бар жабылғаны бар барлық мазараттарға шымкен қаласындағы имандар ұйымдастып жамағат ұйымдастырып барып үлкен тазалық шарасын бастап кеттік.
Мазаратты таза ұстау – сенбілік емес, сауап іс. Рухтар мекеніне құран бағыштап келушілер көп. Сондықтан мемлекет басшысы бастаған эко-акция арнайы бір күнде ғана емес, үнемі жалғасуы тиіс дейді дін өкілдері.