Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны азаймай отыр.


Биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында жол апатынан 9 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 65,5%-ға көп. Осы уақыт аралығында 6 мың 2 жүзден астам жол апаты тіркеліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көбейген.


Ал, жүргізушілер алатын міндетті сақтандыру өтемақысы шығындарды толық жаппайды. Әсіресе көлікті жөндеуден бөлек, жарақат алғандарға немесе қайтыс болғандардың жақындарына төленетін қаржы тым аз. Сондықтан қазір жүргізушілер арасында қосымша сақтандыру полистерін рәсімдейтіндер көбейген. 2025 жылдың басында ерікті сақтандыру бойынша түсімдер 42 миллион теңгеден асып, бір жылда 62%-ға өскен.


ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР – 9 МЫҢ АДАМ 65% ӨСІМ

ТІРКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫ – 6200