Еңбек қауіпсіздігі – жұмысшы топтың өмір қауіпсіздігі. Осылай деген мамандар әр саланың еңбеккерлеріне арнайы семинар өткізді. Шеберлік сағатында белсенді кәсіпорындардағы сақтық шаралын ұстанудың қыр-сыры түсіндірілді.
Бірнеше мекеменің мамандары бас қосқан жиында алпауыт кәсіпорындардың үздік жобалары таныстырылды. Жұмыс барысындағы қауіпсіздік бойынша бастамалармен тәжірибе алмасты. Бұл ең алдымен еңбек адамының мәртебесін арттырып, оның қызмет жолындағы амандығына кепіл болмақ. Алқалы жиында 2024 жылы нәтижеге қол жеткізген мамандар арнайы марапатталды. Еңбек инспекциясының Алғыс хаты еңбегімен көзге түскен 7 азаматқа берілді. Айтып өтейік, 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күн елімізде 2003 жылдан бері аталып келеді. Қабылданып жатқан шаралардың өзектілігін және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша оларды үнемі жетілдіру қажеттігін атап көрсетуге арналған.