Тәртіп сақшылары оқушылар арасында сурет салу байқауын өткізді. "Полиция балалар көзімен!" тақырыбында ұйымдастырылған қылқалам жарысына 15 жасөспірім қатысып, өзара бақ сынасты.
Басты мақсат - жас буынның тәртіп сақшыларына деген көзқарасын білу және патриоттық сезімін арттыру; Олардың ел қорғаушыларына деген сенімін нығайта түсу еді. Оқушылар Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін ақ қағаз бетіне түсіріп, полцей потретін бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жас суретшілер аудандық полиция бөлімінің "Алғыс хатымен" және естелік сыйлықтарымен марапатталды.