«Тұлғатану тарихи тағылымдары». Шымкентте осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жеңістің 80 жылдығына арналған жиында тарихи тұлғалардың жасаған еңбектері мен зерттеулері жастарға көрсетіліп, тың деректер айтылды. «Оқушылар сарайында» өткен іс-шараға зиялы қауым өкілдерінен бастап тарихшы ұстаздар, жаңалығы жасампаз құндылықтарға толы зерттеушілер, оқушылар, жалпы 200-ден астам адам қатысты.
Конференция ел тағдырын өз тағдырынан биік қойып, ерлікпен қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан соң жауынгерлердің өмірінен сыр шертілді, тың деректер баяндалды.
ӘБИЛӘ КӨЗДІБАЙҚЫЗЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АКАДЕМИЯСЫ ШҚФ БАСШЫСЫ
Бүгінгі жиынның ерекшелігі бұл жерде мыңнан аса жүзден жүйрік озат, үздік интеграцияланған инновациялық тәжірибе үлгілері тың деректер оның ішінде алапат соғыстың зардабына қатысты енді қайтіп сол соғыс болмасын, қан төгістің маңыздылығын бойларын сіңіре өссін, шежірені бағалай өссін деп, кейінгі ұрпақтарға жеткізуді парызымыз екенін дәйектейтін кездесу-жиын өтті деп есептеймін. 03:21
Бейбіт аспанның астында ұрпақтары алаңсыз өмір сүру үшін қырқыншы жылдары мыңдаған боздақ майдан даласында қан төкті. 500-ден астам Кеңес Одағының батыры атанған жауынгердің 100-ден астамы қазақтар болды. Ал Жеңісті жақындатуға Оңтүстік жұртшылығының қосқан үлесі зор. Майданға өңірден 140 мыңнан астам азамат аттаныпты. Олардың жанқиярлық ерлігі еш ұмытылмасы анық.
ТӨЛЕХАН ҮСІПБЕКОВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қаншама батырларымыз бар. Осыларды еске алып, жастар соны білуі керек, білмесе болмайды. Өткенді білмей, болашағыңды түсінбейді. Қаншама қасіреттер шегілді. Сондай қасіретті көрген халқымыз 80 жылдық құтты болсын дейміз. Халқымыз өсіп, өне берсін. 02:42
Конференцияда батырлардың есімі ұлықталды. Темір генерал Сабыр Рахымовтың жасаған ерлігі, өмірбаянындағы өзгелер естіп-білмеген деректер айтылды. Соңғы жаңалық – тау тұлғаның ескерткіші көрші Өзбекстан елінде бой көтеріпті. Жиында бұдан өзге де жұмыстар көпшілікке таныстырылды. Тәжірибелік бағытын тарихшы ғалымдар мен жас зерттеушілер дәйектеді.