Шымкент жастары журналист, документалист Әлия Әшіммен кездесті. Қазақ тарихы контекстіндегі «көшбасшылық» туралы білуге келген жастардың қарасы қалың, зал лық толды.


 Кездесу ТЕDX форматында өтті. Онда спикер қазақ тарихындағы көшбасшы тұлғаларды атап, жалпы «көшбасшы» ұғымына түсінік беріп өтті. Алаш әйелдерінің орны мен сол замандағы тұлғалардың жан-жақтылығы жайында да кеңінен сөз етті. Тыңдарманмен еркін сұхбат жүргізген қонақ аудитория сауалына жауап беріп, қажетті кеңесін де аямады. Тарихи деректі фильмдерді түсіруге қалай келгенін айтып, зерттеу кезінде кездескен түрлі қиындықтар мен қызықты фактілерді бөлісті. Ол өз сөзінде елдің өткенін өшірмей, бүгінгі буынға тарихымызды өзгертпей жеткізетін журналист жастардың қатары көбейсе екен деген тілегін жеткізді.


 ӘЛИЯ ӘШІМ, ЖУРНАЛИСТ-ДОКУМЕНТАЛИСТ

Ал тарихқа қызығушылығы көп жастар жетерлік. Өйткені маған дайректке үнемі жазады. Жаңағыдай рақмет, магистірлік дессертациямның тақырыбын өзгерттім. Тарихтағы әйелдер деп алдым. Біреу Назипаны алдым деп жатады. Біреуі Гүлсімді алдым деп жатады. Біреуі жаңағы тарихқа келдім осы сіздің блогыңыз арқылы деп жатады.