Биыл   рейхстаққа жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына жүз жыл. Тау тұлғалы  батырдың өмірі мен ерлігін ұлықтау мақсатында  Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

Соғыс басталғанда Рақымжан Қошқарбаев  16 жаста болатын. Ол да ер-азаматтармен қатар майдан шебінде Отанын қорғауға ат салысуға сұранады. 1942 жылдың тамызында 18 жастағы бозбала Қазақстан және Орта Азия сарбаздарының  әскери дайындығынан  өтіп  Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынып, 1944 жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік тәмамдап, майдан шебіне қосылады.

Соғыстың соңына қарай лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 150-ші атқыштар дивизиясының 647-ші атқыштар полкінің барлау взводының командирі болады. Осы кезде шапшаң әрі көзсіз батыр қазақ жігітінің есімі майдан шебінде аңыздай тарайды. Қошқарбаевтың ерлігі ерен,осылай деген мамандар бүгінгі кештің маңыздылыына тоқталды.

Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында дүниеден өтті. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілген болатын.