Бадам өзені су тасу қауіпі бар аймаққа жатады. Көктемде жауын жауып, таудағы қар ерісе өзен бойын жағалай қоныстанған елдімекен тұрғындары үрейленіп отырады. Себебі жылда осы мезгілде су деңгейі көтеріліп, жағалауды жырып кетеді.  Биыл жауаптылар апатты  алдын алу мақсатында жағалауда бетондау жұмысын бастап кетіпті.  Қазіргі таңда бұл жұмыс Еңбекші мен Абай аудандарының территориясында жүргізіліп жатыр.  

Бадам өзенінің 44 шақырымы Шымкент территориясын кесіп өтіп Арыс өзеніне құяды. Нөсер жауса Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған және Маятас елдімекен тұрғындары жандарын шүберекке түйіп отырады. Себебі жауын салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, жағалауды бұзатын жағдай жиі орын алатын. Қауіпін алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе арнайы жол картасы әзірленіп, өзен жағалауын бетонау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қауіпті учаскеге Абай ауданына қарасты Қызылжар -1, Қызылжар-2, Жаңаталап аумағыда кіреді. Қазіргітаңда бұл маңда да жұмыстр жалғасып жатыр.    

Бадам өзенінің жағалауына бетон құю биыл ақпан айында басталған. Жұмыс жылдың соңына дейін жалғасып,  нәтижесінде өзен бойында орналасқан 160-қа жуық тұрғын үй су басу қауіпінен сейіледі.

 Айта өтейік, 10 шақырымға жуық аумақты бетондау жұмысына қала бюджетінен 4,8 миллиар теңге жұмсалады. Нәтижесінде 6 елдімекенде су басу қауіпі азаяды.