Шымкент қаласындағы ассамблея белсенділері су тасқынынан зардап шеккен еліміздің батыс өңіріне гуманитарлық көмегін жіберді.  «Жүректен жүрекке» жобасы аясында Орал қаласына көмек көлігінің  бесінші легі жөнелтілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері мен кәсіпкерлік палатасы  бұл шараға белсене атсалысты. Жұртшылықтан жиналған құны  9,2 млн. теңгеден асатын 25 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері мен аса қажетті заттар жиынтығын жүк көлігіне тиелді.  Айта  кетейік,  бұған дейін 6, 10, 11, 16 сәуір күндері Шымкент қалалық ҚХА мүшелері  93 тоннадан астам  көмекті су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Батыс Қазақстан облысы,  Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай қалаларына жөнелткен болатын.

Гуманитарлық жүкті артуға адам күшіде ауадай қажет.  Қаламыздағы еңбек ұжымдары 5-6 қызметкерлерін жүк артуға бөліп отыр. Бұл жолғы белсенділер қатарынан №2 жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері де табылды.

 Өз  кезегінде 23 сәуірге дейін   су тасқынынан  зардап шеккен өңірлерге 4 рет жалпы, 93 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелткен қалалық ассамблея жанындағы штаб мүшелері игі бастамаға атсалысқан ТОО «Юг Продукт Групп» ЖШС, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қаратау ауданы,Өтеміс елді мекені тұрғындары    мен  этномәдени бірлестіктердің төрағаларына, «Ассамблея жастары» ұйымына және сын сағатта алыстағы ағайының қиын жағдайына бей-жай қарамай, шұғыл көмек қолын созған қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді.