Биыл төртжылдықтың басты додасы Париж Олимпиадасының алауы жанады. Бұл күндері еліміздің спортшылары Олимпиада жолдамасы үшін өтіп жатқан жарыстарда бағын сынап, жолдамалар санын арттыруда. Ескек есу шеберлері және балуан Әлімхан Сыздықов,оқ ату шебері Мария Дмитренко олимпиада жолдамасына ие болды.

 Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсететін Шымкент қаласының саңлақтары бүгінде республикамызда Париж
олимпиадасының 10 жолдамасын жеңіп алып, көш бастап тұр. Қажымұқан атындағы орталық стадионы алдында спорт сүйер қауым мен жанкүйерлер
лицензия жеңіп алған жерлестерімізге құрмет көрсетті. Жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек
Мықтыбеков олимпиада ойындарына бақтарын сынайтын саңлақтардың халықаралық деңгейде жан-жақты дайындық жұмыстарын өткізу керек деді.

Шымкенттік спортшылар бір апта ішінде 4 жолдамаға ие болды. Олимпиада ойындарына байдарка және каноэ есуден ұлттық құрама командасының мүшесі Руфина Искакова, Сергей Емельянов пен Сергей Токарницкий, сондай-ақ грек-рим шебері Сыздықов Әлімхан қатысады. Сонымен бірге, оқ атудан лицензияға ие болып жанкүйерлерімізді қуантқан талантты мерген қыз Мария Дмитренко да туған жерге оралды.
Франция төрінде ел намысы үшін боз кілемде шеберлігін көрсетемін деген балуан Әлімхан Сыздықов көпшілікке өзінің алғысын білдірді.

 Кезекті жазғы Париж олимпиада ойындарының жолдамасын күні бүгінге талантты бес спортшымыз жолдамаға қолжеткізген болатын. Айта
кетейік, бұған білікті бапкерлердің де үлесі мол. Шымкенттіктер үшін ьхалықаралық лицензиялық іріктеу турнирі мәресіне жетті. Халықаралық
додада еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасына 3 жолдама жеңіп алды. Сондай-ақ, Азия құрлығы арасында Бішкек қаласында
грек-рим күресінен өткен лицензиялық турнирінде аса ауыр салмақта өнер көрсеткен саңлақ ел қоржынына бір жолдама салды. Енді лицензия иегерлері Олимпиадада бақ сынайды.


Илияс ЖОЛДАС