Аймаққа Президент Іс Басқар¬ма¬сы Медициналық орталығының дәрігерлері арнайы келді. Іс-сапар жаңа медициналық білім мен технологияларды енгізуге күш салмақ. Жергілікті ақ халаттылардың халыққа медициналық көмек көрсету жүйесіне жаңашылдық енгізбек. Арнайы лекцияда делегаттар ішкі медициналық туризмді дамытуға, ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған тәжірибелерімен бөлісті.

Жиында ең алдымен облыстық клиникалық ауруханада гос-питальдық фармация жұмысын ұйы쬬дастыру мәселелері талқыланды. Ол  – дәрі-дәр¬мек¬терді басқарудың пациентке бағытталған және жекелендірілген моделі. Мамандар осы салаға қатысты басқарудың жаңа үлгісін ұсынды. Алдағы уақытта жұмысты онлайн режімде бақылау жос-парланып отыр. Қажет болған жағдайда арнайы мамандар шақырылады.

 Раушан Қарабаева, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығы директорының орынбасары
- Біз аурухана басшылығымен жаңа бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруға қатысты барлық қажетті мәселені тал¬қыладық. Жансақтау бөліміне, опера¬циялық бөлімге, хирургия, кардиохирургия бөліміне бардым, диализ бөлімінде болдым. Дәріхана тексеріліп, осы саланы жаңарту бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ хирургия бөлімшесін медициналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту жобасы ұсынылды

Іс-сапар аясын¬да нейрохирург, уролог, травматолог сияқты жетекші мамандардан құр¬ал¬ған дәрігерлер тобы облыс¬тық клиникалық ауруханада прак¬тикалық және консультациялық-әдіс¬те¬мелік көмек көрсетті. Дәрі¬герлер науқастарға кеңес беріп, күрделі операциялар жасады. Олар сондай-ақ медици¬на¬лық меке¬мелердің 200-ден аса қатысу-шы¬ла¬ры¬на практикалық сабақтар, презентациялар мен дәрістер өткізді.

Медицина саласын жаңғырту тек бөлінген қаражат көлемімен, түрлі заманауи құрал-жаб¬дықтарды алумен шектелмейді. Дәрігерлік қызметтің сапасын көтеру ақ халаттылардың өзіне тікелей байланысты. Сондықтан өз ісіне адал, білімді болуды әр дәрігер өзі нық ұстаным етуі керек. Жиында бас қосқандардың ойы осыған саяды.