Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шымкентте қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Жасыл аймақ» апталығы аясында  мәдениет өкілдері де белсенділік танытып Шымсити шағын ауданында тазалық жұмыстарын жүргізді.

5 апта бойы белгілі бір тақырыпқа бағытталған экологиялық іс-шаралар үздіксіз жалғасып келеді.Абай ауданына қарасты Шымсити шағын ауданыда өткен экологиялық акцияда жасыл желектер бапталып,шөп ору,тал егу сынды жұмыстар жүргізілді. Тазалық жұмыстарына барлығы 70 кәсіпкерлік нысан мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.

 8 сәуірде басталған тазалық акциясы  басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру  сондай-ақ қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Айта кетейік    27 сәуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылып, бұл апталықта ағаш көшеттері отырғызылады және ағаштар әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулалары тазаланып, оларды абаттандыруға көмек беріледі. «Мөлдір бұлақ» аты берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылатын болады.