Таза Қазақстан акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Тұран ауданы Металург саябағында көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктелді. Игі шараға әкімшілік қызметкерлері, мәдениет майталмандары мен ерікті студенттер, жалпы аудан тұрғындары атсалысты. Демалыс орнының аумағы күл-қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.

Бүкіл Республикалық акция аясында Металург саябағына ағаш егу ниетімен келгендердің қатары көп. Сатира саңлақтары да санитарлық жұмыстарға өз үлесін қосты. Саябақ аумағында көшет отырғызып, талдарды суғарып атсалысты. Шырайлы шымқаламыз көркейе берсін деп ізгі ниеттерін білдірді.

Тұран ауданы аумағында тазалық жұмыстары науқан бітсе де жалғасын табады дейді аудан әкімі. Себебі экосана тек акциямен ғана шектелмеу керек. Әрбір тұрғын өз ауласын күл қоқыстан таз ұстаса, бұның өзі үлкен үлес деді Берік Әшірбеков.

 Арық атызды тазалп, көшет отырғызған Цифрландыру басқармасының мамандары эко науқаннан тыс қалмады. Қаланың бірнеше аумағында қаланың гүлденуіне үлестерін қосып жүр екен.

«Жасыл аймақ» Таза Қазақстан экологиялық акциясының 3 апталығы. Айта кетейік, 8 сәуір күні басталған науқан 11 мамырға дейін жалғасады. Алдағы уақытта «Өнегелі ұрпақ», Мөлдір бұлақ апталықтары аясында тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.