Партиялық бақылауды күшейту – ел тұрмысының түзелуіне оң ықпал етуде. Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Дария Қожамжарова Әл-Фараби ауданына қарасты Ескі қалашық шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда халық қалаулысының бастамасымен  балалар ойнайтын алаңша салынып, «Қошқар ата» өзенінің жағасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Халық дән разы. Тұрғындардың ендігі өтініші: оқушылар жүретін тар көшеге жол белгілерін орнатып берсе дейді.

 Карима апай 30 жылдан бері Ескі қалашықта тұрады. Күн жылытып, жылғалардан су ағатын тұста жаңбыр суы қосылып, тұрғындарды әбігерге салатын. Бұл жерден Қошқар ата өзені ағып өтеді. Өзен суы халықты жыл сайын көктемде сергелдеңге салатын. Тіпті, жұрт жылармен халге түсетін. Осы жайтты айтып, «Аманатқа» барды. Айтылды. Орындалды.

Ракбар Юнусметова - Узбекский көшесінің тұрғыны
- 1990 жылдан бері осы көшеде тұрамын. Біздің мәселемізді осыған ешкім де тыңдамаған. Бұған дейін сайлауға баратынбыз. Бірақ сайланған депутатымызды танымайтынбыз. Бұл жолы бәрі басқаша. Дария Пернешқызына үлкен рахметімізді айтамыз. Мына көпірді салып, судың үстінен өткел жасап берді. Айнала абаттандырылып, түнде жарықшамдар жанып, көшеміз көз тартатындай көріктеніп қалды. Бұдан артық не керек?  

 Шектен тыс жауған жауын-шашыннан әсіресе Бекет қарияның үйін су басатын. Орын алған олқылықты түзетуге фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Дәрия Қожамжарова шындап кірісті. Тиісті басқармаларға  сауал жолданды. Нәтижесі осы.

 Ал, өзен бойында балалар алаңшасы салынды. Топырағы аспанға көтеріліп, жаңбыр жауса, батпа, бос жатқан жердің ажары кірді. Қазір мұнда бала біткен ауынап, қуанап ойын қуып жүр. Балалардың жүзінен бақыт табы сезіледі.

Ендігі мәселе, біреу: Ол 12 мектептің арғы бергі жағында қоныстанған жұрт мектепке барар жолдың қауіпсіздігіне алаңдайды. Жол тар. Арлы -берлі өткен көлік жаяу жүргіншінің жүруіне мүмкіндік бермейді дейді, тұрғындар.

Узбекский көшесіне көлік қозғалысын реттейтін арнайы жол кедергілері мен белгілер орнату қажет. Өйткені, балалардың мектепке қатынауында қолайсыздықтар бар. Түсірілім тобының көз алдында жүк көлігі оқушыларды өткізіп жіберуді өтінген жұртты елеген де жоқ.

Көше қиылысына бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс. Оған қоса жаяу жүргіншілерге арналған жолақшалар да аса қажет. Балаларға арналған тербелмелі әткеншек те керек деген өтініш бар. Халық қалаулысы аталған мәселелердің барлығын басты назарда ұстайтынын жеткізді.