«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жасыл аймақ  апталығы Еңбекші ауданында жалғасты. Бүгінде  аудан тұрғындары  белсенділік танытып, Алатау саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

 Ел көлемінде мемлекет басшысының  тапсырмасымен басталған республикалық экологиялық акция бес атаулы апталыққа бөлінген еді. Әр апталықта барлық өңір тұрғындары мен қызметкерлері табиғатқа қамқорлық шараларын өткізіп, экологияның жақсаруына  бір кісідей атсалысып келеді.

 Бүгінде акция  аясында Еңбекші ауданыда 5000-нан астам  түп ағаш егіліп абаттандыру көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.  Жалпы Таза қазақстан акциясының бірінші күнінен-ақ Еңбекші ауданы аумағының    магистарлды көшелеріде  арнайы химиямен жуып, ретке келтіру жұмыстары да жүргізілген.

«Жасыл аймақ» Таза Қазақстан экологиялық акциясының 3 апталығы. Айта кетейік, 8 сәуір күні басталған науқан 11 мамырға дейін жалғасады. Алдағы уақытта «Өнегелі ұрпақ», Мөлдір бұлақ апталықтары аясында тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.