«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты   Қазақстан  Халқы Ассамблеясының  ХХХІІІ сессиясы өтті.  Сессия отырысының  тікелей көрсетіліміне, онлайн форматта  шымкент  қалалық  ассамблеясының  белсенді мүшелері  мен төрағалар қатысқан еді.

Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясы өтті. Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, президент сессия отырысын онлайн өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Сессия отырысының басты мақсаты да осы. Еліміздің басынан өтіп жатқан қиын-қыстау кезеңде ел болып жұмылып, сын-қатерлі сағаттарда халық болып бірігуіміз керек – дейді Шымкент қалалық мәслихат депутаты Дария Пернешқызы.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай алатынымызды жеткізді. Этномәдени бірлестіктердің 12 мың еріктісінің қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға, халықты эвакуациялауды ұйымдастыруға қатысуы ел азаматтарының бірлігі мен өзара көмегінің  жанды бейнесі.
Су тасқыны болып жатқан өңірлерге халық болып көмек көрсетіліп, мемлекет тарапынын ауқымды акция жүргізіліп жатыр. «Жүректен жүрекке» акциясы шеңберінде  апат  аймақтарына жалпы соммасы 770 млн теңгеге, 1500 тоннадан астам азық-түлік және бірінші қажеттілік тауарлар жіберілген.

 Қазақстан  халқы Ассамблеясының  ХХХІІІ сессиясы отырысында елдегі қаражатты үнемдеу режимі енгізіліп, ҚХА жұмысын жаңа гуманитарлық доктринамен үндестіру қажеттігі де айтылды.