Халық дертіне айналған лудоманияны даттаушылар  мен  жақтаушылардың текетіресі өршіп тұр. Еліміздегі парламент мәжілісінің жалпы отырысында ойын бизнесі, лотерея  қызметі мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер  енгізілетіні айтылды.

 Лудомания немесе ойынқұмарлық – әлемде жедел жайылып жатқан алапат эпидемия, жас талғамайтын психикалық індет. Бұрын казино, карта сияқты құмар ойындар тікелей адам қарым-қатынасы арқылы жүргізілсе, қазірде интернеттің дамуымен бұл құмар ойындар қатары да артқан. Парламент мәжілісі депутатынының сөзінше бүгінде елімізде 1 млн-нан астам адам құмар ойындарын ойнайды екен.

 Еліміздегі ойынқұмарлық мәселесінен арылудың жаңа жолдары қарастырылып жатыр. Мәжіліс отырысында ойын бизнесі мәселелері туралы заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казинолар ғимараттарының, құрылыстардың қоршауларында және көлік құралдарының сыртқы жарнамасында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді басылымдарда, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынуы туралы заңға өзгертулер енгізілуі керектігін баса айтты.

: Қазіргі таңда ойынқұмарлық қоғам дерті. Онымен күресу жолында әрбір азамат өзін шыр айналдырған шырғалаңнан алып шығуы маңызды. Солай ғана бұл дерттен бір қоғам болып арыла аламыз.