Су тасқынынан зардап шеккендерге Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері бір кісідей ат салысып, көмек қолын созды. Олар зардап шеккен ағайынға 81 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберді. Жөнелтілген заттардың жалпы құны 770 млн теңге. Бұдан бөлек, тасқынның алдын-алу жұмыстарына 12 мың ерікті жұмылдырылды. Өңірлердегі түрлі этно-мәдени бірлестік өкілдері де белсенділік танытып, 1500 тоннаға жуық азық-түлік пен қажетті заттарды жөнелтті. "Қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлт өкілдері халық басына түскен сын сағатта тартынып қалмаймыз", -  дейді.