"ТикТоктағы заңға қайшы барлық контентке шектеу қою қажет". Депутат  Ерлан Саиров Мәжіліс отырысында осылай деді. Халық қалаулысының  айтуынша жастар ата-баба тәлімімен емес, «тик-ток» арқылы тәрбиеленіп жатқандай. Желіде пайдалы контентпен қатар, бала психологиясына кері әсер ететін бейнематериалдар да жеткілікті. Ал, бұл мәселеге қала тұрғындары не дейді?

 Бетін тұмшалауды өтінген кейіпкер тикток әлеуметтік желісі арқылы көрген залалын баяндады. Желіге өзінің бейнесін  жариялаған сәтте  түр-келбетін байланысты жаман пікірлер алған. Салдарынан психологиялық күйзеліске ұшыраған.

Мәжіліс депутатты Тикток желісінің жастарға беретін рухани зияны артып келетінін айтты. Сөзінше кәмелет жасына толмағандар әлеу желі арқылы тәрбиеленіп жатыр. Онда порнография, суицид және теріс контенттер кеңінен таралып жатыр.

Ал, тұрғындар болса, тикток желісінің пайдасынан зардабы көп дейді. Себебі, еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін әлеуметтік желіде уақытын бос өткізіп жүр. Сондықтан көпшілігі шектеудің енгізілуіне қарсы емес екенін жеткізді.

  Айта кетейік, Қытайдың өзінде балалар тиктоктың толық форматын пайдалана алмайды, себебі аспан асты елінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға «арнайы бала – TikTok» контенті ұйымдастырылған.