Түркістан облысының полицейлері браконьерлер тобын құрықтады. Олар Созақ ауданы мен Шымкент қаласы аумағында ҚР Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстарды заңсыз аулаған.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7 адамды ұстады. Полицияға жеткізілгендердің 4-еуі Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары. Тінту барысында полиция олардан 382 ақбөкен мүйізін, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық мылтық, 1 пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, бинокль, шамамен 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.