Алдағы 4 жылда Шымкентте 60 көшенің атауы өзгереді. Оған түрлі факторлар себеп болып отыр. Идеологиялық тұрғыдан ескірген, кей мәселе ескерілмей қойылған көше саны көп.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген көше мен нысан атаулары көп. Мұның бәрі Шымкент қаласы мәдениет басқармасының бақылауында. Министрліктен де тікелей тапсырмалар беріліп жатыр. Ол үшін арнайы жол картасының жобасы әзірленді. Аталған құжат аясында, шаһарда 2028 жылға дейін 60 көшенің атауы өзгертіледі деп жоспарланып отыр. Абай ауданынан 46 көше, Әл-Фараби ауданынан 14 көше. Әр жылға бөлініп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Бұл көше атауларын өзгерту бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сараптау, талдау шаралары да атқарылған. Сонымен қатар, қала көшелерінің бойында ілінген тақтайшаларға зерделеу жұмыстарының, рейдтік жұмыстардың нәтижесі бойынша, кей көшеде арнайы белгі-тақтайша ілінбегені анықталған.

2024 жылға Еңбекші ауданында 200 көшеге 7500 дана, Қаратау ауданы бойынша 60  көшеге 5000 дана және Тұран ауданында 115 көпқабатты тұрғын үйге 230 дана тақтайша іліну жоспарланған. 2023 жылы да бірқатар шаруалар атқарылып, тақтайшалар орнатылды. Әл-Фараби ауданы бойынша тақтайшалардың жағдайы әзірге қанағаттанарлық дейді мамандар.   

Қазіргі кезде кесенені жауын-шашыннан қорғау мақсатында жауып қойған. Сонымен қатар, археологиялық ескерткіштер мен мемлекеттік тізіміне алынған 5 ескерткіштен өзге 25 археологиялық нысан алдын ала есепке алынбаған. Өйткені, соңғы 5 жылда ол объектілерді анықтау, сараптама жүргізу, зерделеу мүлде жүргізілмеген. Осыған орай, қала аумағындағы мұндай дүниелердің саны 30-дан да көп болуы мүмкін деген тұжырым бар.