Полицейлерге қала тұрғынынан үй ауласында тұрған Daewoo Nexia-ны белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткені туралы хабарлама түскен. Иесінің айтуынша, ол темір тұлпарын бірнеше минутқа ғана қалдырып үйіне кіріп шыққан.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмегімен автокөліктің жүру жолы анықталып, күдіктіні ұстауға патрульдік полиция экипаждары бағытталды. Нәтижесінде көлік құралы заңды иесіне жарты сағат ішінде қайтарылды. Аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары автокөлік ұрлығының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын ұсынады. машинаның ашық есігімен және кілтімен қалдырмауға шақырады. Түнде гараж немесе күзетілетін тұраққа қалдырыңыз, сондай-ақ көлікті ұрлыққа қарсы электрондық және механикалық құрылғылармен, GPS-пен жабдықтаңыз. Көлігіңіз ұрланған жағдайда тез арада жақын маңдағы полиция басқармасына немесе «102» арнасына хабарлаңыз.