Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындырға көмек қолын созғандар қатары күн санап көбейіп келеді. Бүгін, Шымкент қалалық жолаушылар тасымалдау ұжымы да игі істен шет қалмай, гуманитарлық заттар тиелген жүк көлігін Атырау облысы Құлсары қаласына жөнелтті.

«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында  Шымкент қалалық жолаушылар тасымалдау ұжымы «Южавтотранспорт қауымдастығыда» қалыс қалмастан, Атырау облысы Құлсары  қаласына гуманитарлық көмек жөнелтті.  Көмек құрамына су тасқынының салдарымен күресу үшін құрылыс жабдықтарынан бөлек  азық-түлік өнімдері  киім-кешектер де  қамтылған.

 Жұмыла көтерген жүк жеңіл,осылай деген мамандар қайырымдылық шараларынан қол үзіп қалған емес. Қашанда қиналғанға демеу бола білетін ұжым бұл жолы да көмек қолын созуда аянып қалмады.

Айта кетейік, бұған дейін де Шымкент қаласынан Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Сондай-ақ  су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол арқылы 200 техника жөнелтілген.