Қаратау тәжіне баланған Кентау қаласында мемлекет қолдауының арқасында өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артып келеді. Бірі түрлі жеміс-жидектен дәмі тіл үйіретін сусын жасаса, енді бірі кір жуғыш сұйықтық пен ұнтақтар шығарып жатыр. Кенді қалада жалпы іс ашып, мемлекетке масылдықтан арылуға ынталы жандар карасы қалың.


Диара Рүстемова көп балалы ана. Бұған дейін мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алатын. Енді мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып өз ісін ашып, жеке кәсіппен айналысып отыр. Тың жоба «Литок бар» деп аталады. Яғни түрлі жемістерден дәмі тіл үйіретін шырын сусындар әзірлейді. Әзірге үй жағдайында жасайды. Келешекте цех ашып өндірісін кеңейтпек ниетте.


ДИАРА РҮСТЕМОВА, ГРАНТ ИЕГЕРІ

Бизнесті дамыту бойынша грантқа құжат тапсырып қойыдым. Оны алсам цех ашамын. Қазір біз компот лимонат мохито морс деген 4 түрі шығарамыз стрилизатция қылып шығарады. Өзім балдарыма қандай ішсім десем сүйтіп шығарып жатырмын. Ауылда сұраныс сүлкен қаладан да келіп жатыр. Дистрюбитерлер сұрап жатыр.Табиғи өнім мерзімі 10 күн.


Ал, Жандос Қуатбеков мемлекеттен гран алып түрлі кір жуатын ұнтақтар мен сұйықтық шығарып жатыр. Іс бастамас бұрын нарықты толық зерттеп шыққан. Технологиясын интернеттен көріп, шет елге барып үйреніп келген. Қазіргі таңда шығарып жатқан отандық өнімім бәсекеге қабілетті. Бағасы нарыққа қарай икемделе береді, - дейді кәсіп иесі.


ЖАНДОС ҚУАТБЕКОВ, ГРАНТ ИЕГЕРІ

Қазір порошк ұнтақтары мен сұйығын шығарып жатырмын. Қол жуытаны ыдыс аяқ жуатын ұнтақ. Светнойы бар. Оқып үйрендім 6 ай сосын Ташкентке барып оқыдым. Отандық өнім сапасы кез келгенімен пара пар. Лицензия бар. 2023 жылы мем грант алып осыны бастады. Қаржыға станок алдым. Шикізат Алматыдан алып жатырмын. 11 Шикізаттан құралады.


Жандос – қазір елімізде көп қолданылып жүрген «Бестемше» ұлттық ойынының авторының бірі. Мақсат Шотаев екеуі құрап шыққан. Балаларға арналған ойынның ерекшелігі өте көп. Тастары аз, жүріс тактикасы оңай. Классикасы 1 сағат ойнайтын болса, бұл ойын 5-10 минутта бітеді. 50 құмалақ болады. Ең негізгісі – баланың ойлау қабілетін арттырады, - дейді өнертапқыш.


ЖАНДОС ҚУАТБЕКОВ, ГРАНТ ИЕГЕРІ

Қазір балдар шыдамсыз .Сондықтан бір ойынды 5-7 минутта бітіруге болады. Балалар ауысып ойнап отырады. Бұда таблица 4 түрі бәрі бар.қытайда алтай турцияда мектеп программасына енді. Қазақста5-6 мектепте бар бірақ жай үйірме ретінде.


Өнертапқыш енді асық ойынының «Тектұрмас», «Қоздату» деген ұмыт болып бара жатқан түрін құрастырып жатыр екен. Ол мұның болашақ ұрпақтың есепке жүйрік әрі ойлау қабілетінің ұшқыр болуына көмектесетінін айтады.