Шымкентте әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр. Аумақтық қорғаныс бригадасының запастағы сарбаздары мен офицерлері қару-жарақты қолдану тактикасын тағы бір пысықтады. Автомат ұстаған олар арнайы алаңда оқ атты.  
Ақтас полигонында 50120 әскери бөлімінің міндеттілері үшін ерекше күн. Отан алдындағы борышын өтеп жатқандар оқу-жаттығудың үшінші тәулігінде қолына қару алды. Енді олар лауазымдарына сай атыс дайындығына қатысты тактикалық тапсырмаларды орындайды.   
 БЕКЗАТ ӨНЕРБАЙҰЛЫ, 50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІ
Бұл әскери міндеттілердің қатарында түрлі жастағы азаматтық өмірде әр салада аянбай еңбек етіп жүргендер бар. Солардың бірі – Ғалымжан Жеңісбекұлы. Көпбалалы әке жиынға шақырту алғанына қуанғанын айтты.
СПИКЕР: ҒАЛЫМЖАН ОРАЗБАЕВ, ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ
 Осыдан 15 жыл бұрын әскер қатарына алынып, борышын өтеген азамат та кезекті рет оқу-жаттығуына келген. Шымкент мектептерінің біріндегі әскери жетекші бүгінгі армия заманауи модеринизациядан өткен дейді.
 НҰРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ, ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ

БЕКЖАН САРМАНОВ, 50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қару-жарақ жауынгерлер атыс дайындығынан өтті. Нысана көздеп, ептілігі мен мергендігін танытты. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымастыруымен өтіп жатқан аумақтық қорғаныс бригадасының оқу жаттығуынан жалпы 156 азамат өтіп жатыр. Олар 25 қыркүйекке дейін теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысып, әскери біліктілігін арттырады.