Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері Алматыға барды. Онда ғалымдармен,  оқытушыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Штаб құрамында депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері бар.

Кездесуде атом электр стансасын салуға қатысты референдум аясындағы мәселелер талқыланды. Мәселен, Еуропалық Одақ елдерінде 2026 жылдан бастап көміртегі салығы енгізіледі. Басқа елдерден тауарлар импорттаған кезде көмірқышқыл газы үшін қосымша алымдар алынады. Бұл біздің экспорттаушылар үшін қиындықтар туғызатыны анық. «Сондықтан экономикамызда көміртегі қалдығын азайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіміз қажет», - деді сенат төрағасы.  
(( МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ -  ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ   
Президентіміз осы мәселені қоғамның талқылауына салғанын білесіздер. Бір жылдың ішінде көптеген дөңгелек үстелдер, жиындар өтіп, елімізге не береді деген мәселелер жан-жаққты қаралды. 6 қазанда елімізде үлкен референдум болады. Сол жерде халқымыз нақты шешімді қабылдайды. Халыққ қалай шешеді, солай болатыны сөзсіз. ))