Қаңғыбас иттер қаптап жүр. Бозарық шағынауданының тұрғындары соңғы уақытта көше бойын жағалайтын төртаяқытлардың көбейгенін айтып шағымданып отыр. Адамға шапқаны былай тұрсын, енді мазараттағы мәйітті қазып бетіне шығарып тастап жатқан фактілер бар дейді жергілікті халық. Мәселені айтып талай жауаптының есігін қақса да, проблема шешімін таппаған. Шағынаудан тұрғындары күрмеулі мәселені өңірге іс-сапармен келген ҚР Парлменті мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаевқа жайып салды.
Халықпен кездеспес бұрын мәжілісмен Бозарық шағынауданын аралап, аумақтың тыныс-тіршілігімен танысып алды. Одан соң тұрғындарды ескі мектеп ауласына жинап талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындар алдымен қаңғыбас иттердің мәселесін шешіп беруді сұрады.
АЛМАСХАН ЕСБАЕВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Біздің мазаратқа жаңадан қазылған мәйітті иттер қазып жатыр. Мәйітті. Екінші мәселе, иттер қойларды қасқыр құсап талап жатыр. Видигі барлығы бар.енді мектепте көрсетуге болар еді. Мына жерде зжинап жатыр. Енді ит мысықты қорғау шығарған заңдарыңызға өзгеріс енгізссеңіздер.
Алдына келген мәжіліс депутатына қараша жол, жарықтандыру, қоқыс мәселесін де айтты. Сонымен қатар жауынды күні жертөлеміз суға толады дегендер де болды. Нөсерлі күні суды белшеден кешкендер аудан әкімдігінен еш қайыр болмағанын айтып арызданды.
ГҮЛМИРА ӘСЕТОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2012 ден бері су басқаны әлі сол мәселе шешілшен жоқ. Лоток жоқ, жол жоқ. Бүкіл үйді үш үйді су алады. Үнемі арыз да тастап жатырмыз бірақ кураторымыздың өзі бір-екі рет айтты. Сайға салған өздеріңіз кінәлі. Тас төсем көтеріп қойыңыздар дейді.
МҰХАББАТ ТАШМЕТОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Көшеге шықпай біздің жолға шығатын болды. Өзі жаман топырақ жол. Трубадан мына жаққа мына жаққа су өткен. Солтрубаны жарып сулар ағып жатыр құм тасты көтері. 15 жыл болы әлі ешкім қалаған жоқ.
Өз кезегінде ҚР Парлменті мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев көтерілген мәселелерді протоколға тізіп, билікке жеткізетінін айтты. Ал кезек күттірмейтінін жергілікті атқарушы органға тапсырамын деді.
НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ - ҚР ПАРЛМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
жаңа айтып жатқан елдегі мәселелер аулыдағы ол мәселенің үлкені бар кішісі бар. Бір жерлерде көрсетіп жатыр. Мына кішкентай арықты ананы мынаны. Ол өз деңгейіндегі аудан әкімшілігі өкілдерімен бірлесіп шешетін мәселе. Бірақ біз оған қарамай барлық мәселені жазып алдық. Сосын ретретімен ауданға жіберетінін ауданға, қалаға жіберетінін қалаға, оқу саласына, медицинаға барлық салаға ол хаттарды жібереміз.
Қазіргі таңда Бозарық шағынауданында 3000-ға жуық тұрғын үй болса, онда 9000-ға жуық халық тұрып жатыр.