Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Қаламгердің мерейтойын  шымкенттіктер кең көлемде атап өтті.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған конференцияға алыс-жақын шет елден жаззушылар арнайы қатысты. Жиында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен дәріптелді. Қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі бүгінгі шығармалармен салыстырылды. Өзі өмір сүрген мезгілдегі жерлестерінің тыныс-тіршілігін балаларға түсінікті тілде жеткізе білген мәдениет майталманы екені ерекше айтылды. Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым — Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.