Бұрындары әскерге бару абырой саналатын. Қазіргі жастарда қорқыныш бар. Оған себеп - әлімжеттік. Мұны ескерген мемлекет басшысы Жолдауда: "Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігі қадағалануы тиіс" – деген болатын. Маңызды құжатта басымдық берілген тұстарын жүзеге асыру үшін Ордабасы ауданында «Жас сарбаз» клубы мектептерде әскери оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жастарды жауангерлік рух пен патриоттық сезімге баулып жүр.
10-шы,11-ші сынып оқушылары шоғырланған ұйым, сап түзеп, шеру тартты. Аудан мектептерінен іріктеліп, үздік танылған сарбаздар - клуб қатарында үйренген жаттығуларын көрсетіп, шеберлік шыңдады. Қоян-қолтық ұрыс, қару автоматын бұзып-жинау және әскери көрініс көрсетті. Ұйымдастырушылар, мұндай ісшара жастар жігерін жанып, ынталандырады дейді.

 ЕРЖАН МЫРЗАБЕКОВ, БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ  

– «Балдарды әскерге дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Әскерге барғанда құрал-жабдықтарды меңгеру, саптық элементтер бар, қару жарақты қалай қолдану керек. Соған біршама болса да дайын болып барады әскерге.» - 00:50 // 578_AMANTAI4634 //

 «Жас сарбаз» ұйымының діттегені өскелең өрен бойындағы отансүйгештікті шыңдап, әскер қатарына дайындау. Жуырда халықаралық «Айбын» оқушылар арасындағы әскери оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған аудан атынан 5 ұл мен 5 қыздан тұратын бір команда жіберілмек. Дайындық қызу жүріп жатыр.

НҰРАЛЫ ҚҰДІРЕТОВ, ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІ

 – «Қарумен әдіс-тәсілдерді және қоян-қолтық күрес жаттығуларын көрсетеді.» -00:38, 02:33 – «Айбын патриоттық жастар жиынына 10 ұл 5 қыздан іріктеледі аудан бойынша»
Шарада ұлдар ғана емес, қыздар да бой көрсетті. Соның бірі – Кәусар Ермахан. Қоғам тынышын күзетер полицей  болуды армандайды. Сол үшін де өзі сұранып, клуб қатарына қосылған. Мұнда ерлермен қатар сап түзеп, әскери әдіс-әрекеттерге машығады.

КӘУСАР ЕРМАХАН, ОҚУШЫ
 – «Өзімде қызығушылық болғаннан кейін елдің жердің, ҚР тыныштығын күзету үшін осы мамандықты таңдап және де осы сабаққа келіп отырмын»

Әскер қатарында қызмет етіп, отан алдындағы парызын өтеу әрбір азамат міндеті. Осылай деген аға буын жастарға сәттілік тілеп, ақыл кеңестерімен бөлісті.