Шымкенттік студент Халықаралық WorldSkills байқауында топ жарды. Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің шәкіртін жерлестері мен ұстаздары зор құрметпен қарсы алды. Әлемдік додаданы бағындырып, елдің атын шығарған Айгерім Досованың қуанышын тілші жеткізсін.
Бұл құрметтің бәрі Францияның Лион қаласынан жеңіспен келген Айгерім Досова арналды. Ол 47-ші WorldSkills байқауында «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша өз туындысын ұсынып, әділ қазылардың жоғары бағасына ие болған.
АЙГЕРІМ ДОСОВА, WORLDSKILLS БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
 Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алды. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғаған.
МЕРУЕРТ БЕКМАНОВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
WorldSkills байқауы жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында әр жылы әлемнің әр елінде өткізіледі. Халықаралық чемпионатқа бұл жолы 70 мемлекеттің жастары 62 түрлі кәсіби шеберлік бойынша бақ сынады. Жерлестеміз 1500 колледжді басып озған.