Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Жер-жерде түрлі шара өтіп, түсіндіру жұмысы басталған. «Семей-сынақ» қоғамдық бірлестігі де АЭС құрлылысына толықтай қолдау білдіріп отыр.
Бірлестік өкілдері Қазақстанда АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам деп санайды. Олардың айтуынша, станция құрылысы экологиялық әрі экономикалық жағынан да тиімді болмақ. Атом энергетикасының дамуы осы саладағы тәуелділіктен құтқарып, электр қуаты тапшылығын жоюға мүмкіндік береді,-дейді.
 ҚАЛЖАН ДАУЛЫБАЕВ,  «СЕМЕЙ-СЫНАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 
 ШУХРАТБЕК АБДУМОМИНОВ, «СЕМЕЙ-СЫНАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ
 
 Семей аймағы тарихи тұрғыдан ядролық сынақтармен байланысты болғандықтан, бірлестік өкілдері АЭС-тің қауіпсіздігіне ерекше мән береді. Олар қазіргі заманғы атом технологиялары қауіпсіздік деңгейін жоғары дәрежеде қамтамасыз ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар жүздесуге жиналғандар пікірлерін ортаға салды. Онда қолдайтындарын жеткізіп, АЭС-тің қоршаған ортаға зиянсыз екендігін алға тартты.
 БАХТИЯР ҚУАТБАЕВ, «СЕМЕЙ-СЫНАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ
Осылайша, «Семей-сынақ» қоғамдық бірлестігі Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдайтын қоғамдық ұйымдардың қатарына қосылып отыр. Ел болашағы үшін бұл жоба үлкен маңызға ие болмақ. Жиында ашық пікірлер сараланып, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды.