Ақ халатты абзал жандар да қоғам мәселелерінен хабардар. Өзіндік үн қосып, пікір білдіруге дайын.  Ордабасылық дәрігерлер зиялы қауым өкілдерімен жиын өткізіп, алдағы науқан жайында пікір алмасты. Шарада атом бекеті сөз болып, оның пайда-залалы талқыланды. Ғылым тіліне жетік мақтаулы мамандар жоба маңызын жете түсініп, қажетілігін бағамдайтынын жеткізді.
Анар Қолдас – 30 жылдық жұмыс өтілі бар тәжірибел маман. Кездесуге белсене ат салысып, ой-пікірмен бөлісті. Айтуынша, атом бекеті – ел дамуын үдетіп, жарық тапшылығын жояды. Өркениетке құмар, ғылымға жақын дәрігер: «Көршіге елеңдеп, шетел энергиясына тәуелді болмас үшін – болашақ жайын бүгін бағамдаған жөн» - дейді.  Басқа ақ халаттылар да осы пікірде.

АНАР ҚОЛДАС, ДӘРІГЕР
 – «Енді ол елімізге, Қазақстанға тиімді болып жатса біз қолдаймыз.

АҚЕРКЕ ОРДАБЕКОВА, ДӘРІГЕР
– «Болашақта біздің барша Қазақстандықтарға, қазақстандағы елдерге, ауылды-аймақтарға энергияның тапшылғы азаяды.» -

Жүсіп Лесбек – ардагер ұстаз. Физика пәнінен сабақ беріп, дәріс оқыған. Айтуынша, атом мәселесін зерттеп, көп ізденген. Тарихты қозғап, АЭС апаттарын нұсқаған маман: «Чернобль мен Фукусимадағы жағдай, адами фактор себебінен еді. Тарих зерттеліп, тәжірибе жинақталды. Мұндай қателіктің қайталануы әсте мүмкін емес» - дейді.  
 ЖҮСІП ЛЕСБЕК, АУДАНДЫҚ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТӨРАҒАСЫ  
 – «Рекакторлардың істен шығуына... Адами фактор деп отырғаным – адам оны кнопканы басып тоқтату керек еді. Ал Аэстің қазіргі жобасында барлығы автоматты түрде. Адами фактордң орын алуы мүмкін емес!»

 Зерттеушінің айтуынша: Қазақстан Аэс-ке мұқтаж. Қазір біз электр қуатын күннен, желден, судан алып келеміз. Бірақ бұл жүйе – тікелей табиғатқа тәуелді. Жел соқпай, күн күркіреп, су көздері азайса, жарықсыз қаламыз дейді ол.
ЖҮСІП ЛЕСБЕК, АУДАНДЫҚ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТӨРАҒАСЫ  
 – «Күнделікті күннің көзі соған қажетті энергияны беріп тұра алады деп ешкім кепілдік бере алмайды ғой. Ал суға келсек, судың өзінің тапшылығы қазір белең алып қалды ғой! Ал судың өзі тапшы болып тұрғанда гес – терді қалай толық пайдалана аламыз деп айта аласыз? Сондықтан Аэс салу бүгінгі қоғам талабы»

Шара сұрақ-жауап форматына ауысып, пікір алмасумен түйінделді.