Шымкенттегі Шанин театрының кезекті маусымы ашылды. Жақында ғана 95 жылдық тарихын түгендеген ұжым көрермен үшін тың туынды ұсынды. Оңтүстіктегі академиялық қазақ драма театры 96-шы маусымын «Адамзаттың Айтматовы» атанған жазушының «Ақ кемесімен» түңлігі түрілді.
 Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 96 жаңа маусымын ресми түрде ашты. Бегзада өнерді сүйетін көрерменге Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымы ұсынылды. Премьера алдында мамандар баспасөз маслихатын өткізді. Театрдың көркемдік жетекшісі «Ақ кеменін» пәлсапалық тұрғыдан тереңдігі, уақыт озған сайын жаңарған қоғамның көзімен зерттеуді талап ететін жеткізді.
 СҰЛТАН СРАЙЛ, Ж.ШАНИН АТЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
 Актерлар көзге көрінбейтін адами қасиеттерді, сөзсіз, қимыл-қозғалыс, эмоция арқылы жеткізуге тырысты. Жан мен жанды жақындастыратын жалғыз жол - мейірім екенін көрерменге жеткізуге тырысты. Өмірдегі құндылық өзіңді тану, кателігіңді мойындап, айналадағы оқиғалардың себебін өзіңен іздестіру керегін түсіндіруге тырысты. Қоюшы режиисер Гауһар Адай да дәл осы аңызға айналған дәл осы пьесаның Шымкент театрында сахналануының сырын айтты.
ГАУҺАР АДАЙ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР
Ж. Шанин театры ұсынған қойылымда бүгінгі қоғамның жай-күйіне терең үңілді. Мейірімді іздей отырып, арамыздағы Оразкүлді түсінуге, Бекей мен Кемпірді қолдауға, Момын шал мен Баланы аялауға шақырды. Бұғы ана мен тылсым табиғаттың ұлылығын сезінуге ұғындыратын қойылым заманауи театр әдісімен көрерменге ұсынылды. Премьера 19, 20-шы қыркүйекте де сахналанады.