Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Жарыс ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Біржан Бөбеевті еске алуға арналды. Шаршы алаңдағы бокс бәсекесіне өңірімізден іріктелген былғары қолғап шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

 Балалар  Ринг төрінде 14 салмақ дәрежесінде сынға түсті.  Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған жарысқа  бокстан  Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжан арнайы қатысып, жасөспірімдердің аяқ алысын байқады. Облыстық  біріншілікті Түркістандағы №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырып отыр.  
 СЕЙТЖАН  ЖАНЫСБАЕВ, №5 ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жарыс қорытындысымен  №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 5 бірдей шәкірті топ  жарып, өз мықтылықтарын көрсетті. Олардың қатарында 44  келіде  күш сынаған Аян Жандосұлы шашасына шаң жұқтырмай жеңістің шыңын  бағындырса, 48 келіде Рүстем Лесбек, 52 келіде Нұғман Қалдар, 54 келіде Диас Сайдикарим, 66 келіде Ақпан Молдаш сынды дарынды былғары қолғап шеберлері алтыннан алқа тағып, мерейлері үстем болды.
НҰҒМАН ҚАЛДАР,  «ҮЗДІК БОКСШЫ»
  Дайындалғаныма алты жыл болды
Айта кетейік, сайыста шеберлігімен мамандарының көзіне түскен 52 келідегі Нұғман Қалдар чемпионаттың «үздік боксшысы» атанды. Сондай-ақ Түркістан кәсіпқой бокс клубының ізбасары Қуаныш Құралбай 46 келіде қарсылас шыдатпай жеңіс тұғырының биігінен көрінді.