Түркістанда «Алтын күз әуендері» мерекесі қызып тұр. Бұл жолы «Ақ көңіл мейірім  сыйластықпен» атты  мерекелік  концерт  "Шапағат" қауымдастығында жалғасын тапты. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары қауымдастық мүшелеріне әсем әндерден шашу  шашып,  мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мың бұралған бишілір көрерменнің  көзайымына айналып, күміс көмей әншілер көптің көңілінен шықты. Шараға қатысқан "Шапағат" мүмкіндігі шексіз азаматтар қауымдастығының төрағасы Еркінбай Шалтанов,  "Бітімгер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев жылы лебіздерін білдіріп, осы шараны ұйымдастырған ұжым мүшелеріне алғыстарын жеткізді.
ЕРКІНБАЙ ШАЛТАНОВ, «ШАПАҒАТ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Алтын күз әуендері  мерекелік концертін құрып керемет көңілде болдық. Еліміздің мәдениеті дами берсін