Шымкентте сауда нүктелері бірыңғай келбетке енеді. Бастама бойынша мамандар дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шаһарды мегаполис мәртебесіне сай ететін жобалар қазірдің өзінде басталып кеткен. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының тың идеясын сатушылар да қолдап отыр.
 Шымкенттің көшелерінде мыңдаған сауда гүктелері бар. Дүкендердің сыртқы қас-келбеті әр түрлі кескінде жабдықталған. Мамандар әсіресе шаһардың сәнін қашырған орталығы кәсіпкерлік нысандарды жүйелемек.
ҮСЕН ИСАЕВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Олар бізге қолдау көрсетіп, осыны тездетіп бітіріп берсе деп отыр. Ары қарай істетуге көмектесііңіздер деп шақырып жатыр. дизайн кодты бекітті, қарсы емес, қолдап отыр. Өте жақсы деп отыр. Өзіміз бастасақ, дұрыс болмай қалса деген де ойы болған екен.
Игілікті бастамаға кәсіпкерлер де оң пікірде. Айтуларынша орталықтың сәні мен салтанаты үйлесіп тұруы керек. Құрылыс шығыны да қалтаға қонымды болмақ.
ФАРХАТ АБДУСАТТАРОВ, КӘСІПКЕР
 Біз бәріміз ризалыққа келіп жатырмыз. Дұрыс қой мынау мегаполис болған соң қаламыз әдемі болуы керек. Бірінші этаждың бәрінің фасадын жасап жатыр. Ұнап отыр. Қолдаймыз.
КСМ: Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы осы жоба бойынша арнайы эскиз әзірлеген. Соның негізінде Жібек Жолы көшесіндегі сауда қатарлары ретке келтіріліп отыр. Енді Республика көшесіндегі 70 кәсіпкерлік нысанды әрлеу жұмыстары күтіп тұр.
 АБДУМАНАП ОРЫНБАЕВ, КӘСІПКЕР
Бұрын ескі қала еді, қазір жаға қала болды. өте жақсы, бізге ұнады. ткәсіпкерлердің бәріне ұнап отыр. баяғыда ескі қала еді, бәрі жаңарды.
 ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Дүкендердің сыртқы келбетін әрлеу жұмыстары басталып кеткен. Әйтеке би көшесіндегі 45 дүкеннің 80 пайызында жұмыс аяқталған. Мамандар осылайша кезек-кезеңімен жұмыстарды қолға алып, шаһарды мегаолис мәртебесіне сай абаттандырамыз,-деп отыр.