Полиция тұрғынның ауласынан сора есірткісін тәркіледі.  Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Төлеби ауданының полицейлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді егумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар "сора" өсімдігінің түптерін тауып, тәркіледі. Алынған есірткі затының жалпы салмағы 1 келіден асады.  Қазіргі таңда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.