Түркістан қаласы маңында Turan арнайы экономикалық аймағы құрылып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтылып жатыр. Бастама облыста кәсіп бастағысы келетіндер үшін қолайлы мекен болмақ.
 Turan арнайы экономикалық аймағында өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары 100%-ға аяқталған. Жолдың 1,4 шақырымына асфальт жабындысы төселген. Теміржол құрылыс жұмыстары 40%-ға орындалып, 2,1 шақырымына релстер орнатылды. Су және кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары 70%-ға орындалып, су құбырының 8,5,  кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр жүргізілді. Электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтау келер жылға жоспарланған. Turan арнайы экономикалық аймағындағы инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталған соң 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, жұмысын бастайды. Осының нәтижесінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.